16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Мұсылман жыл санауының бірінші айы Мұхаррамның алғашқы жұмасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Алаш арысының 150 жылдығына орай Алматы облысы Қарасай ауданының Исаев ауылында заман талабына сай бой көтерген құлшылық ордасының ашылу салтанатына облыс бас имамы Мадияр Пірімқұлов қатысып,  ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді.

«Ұлт ұстазының есімімен аталған жаңа мешіт ел бірлігі мен ынтымағына қызмет ете берсін. Мешіт – діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін тәрбие ордасы» деп атап өтті имам.

Сондай-ақ ол жамағатты шын ықыласымен құттықтап, ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырып, істеріне сәттілік пен береке тіледі. Алла үйіне Құран Кәрім және арнайы сыйлықты жаңа имамға тарту етіп, мешіттің  салынуына үлес қосқан  кәсіпкер азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, мешіт 2019-2022 жылдар аралығында ауыл халқының көмегімен салынды. Мешіттің жалпы сыйымдылығы – 500 адам. Дәрісхана және дәретхана, көлік тұрағымен қамтылған.

Бөлісу: