01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

«Имани жаз-2022»: Алматыда 2314 бала жазғы курсты тәмәмдады

«Имани жаз-2022»: Алматыда 2314 бала жазғы курсты тәмәмдады

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласы бойынша мектеп оқушыларына ұйымдастырылған «Имани жаз-2022» жазғы сауат ашу курстары толық аяқталды.

Қала бойынша 2314 мектеп оқушысы діни сауат ашу курсына қатысып, сертификат алды. Курста сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүрді. «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілді. Ал демалыс күндері балалармен бірге Алматы қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасалды.

Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізді. 

Жазғы демалысын мұсылманша сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді балаларға алдағы оқу жылында сәттілік тілейміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: