21
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Қостанайлық имамдар 906 оқушыға қуаныш сыйлады

Қостанайлық имамдар 906 оқушыға қуаныш сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкілдігі биыл да «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына жан-жақты дайындалып, оны ұйымшылдықпен өткізді.

Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет игі мақсаттағы шара қарсаңында биыл аудандар мен қалалардағы мешіттер мыңға жуық мектеп табалдырығын аттағалы отырған балаларға мектеп құралдары мен киім-кешек тарту ететіндігі жайлы айтқан еді.

Осы орайда барлық мешіт имамдары, жанашыр азаматтар ортақ іске өздерінің лайықты үлестерін қосты. Өңір бойынша жоғарыда аталған қайырымдылық акциясына байланысты 46 іс-шара ұйымдастырылды. Онда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 906 оқушыға мектепке аса қажетті сөмке, құрал-жабдықтар, мектепке киетін форма және басқа да киімдер табыс етілді.

Салтанатты жиындарға қатысқан ата-аналар облыстағы барша мешіт қызметкерлеріне, демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Бөлісу: