29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти шәкірттерге дәріс оқыды (фото)

Бас мүфти шәкірттерге дәріс оқыды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы білім күніне орай «Астана» медресе-колледжінде өткен салтанатты жиынға қатысты.

Бас мүфти медресе-колледж ұстаздары мен шәкірттерін білім күнімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

«ХХІ ғасыр – білім заманы. Білімді адам ғана өзгелерден озық болады. Аллаға шүкір, Діни басқарма шәкірттеріміздің толыққанды білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Медресе қабырғасынан ықыласпен білім алып, еліміз бен жеріміздің игілігі үшін қызмет ете берулеріңізге тілектестігімді білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти медресе-колледж ұстаздарына, шәкірттеріне дәріс беріп, сұрақтарына жауап берді.

Айта кетсек, бүгінде мүфтиятқа қарасты дін мамандарын даярлайтын Нұр-Мүбарак университеті, Имамдар білімін жетілдіру институты, 9 медресе-колледж және 7 қарилар дайындау орталығы бар.

2021-2022 оқу жылында Нұр-Мүбарак университетін 220 түлек, 9 медресе-колледжді 366 түлек бітірді. Оның ішінде «Астана» медресе-колледжін биыл 21 түлек тәмамдады. «Астана» медресе-колледжі 2007 жылы ашылып, осы уақытқа дейін 360 студентке диплом берді.

Бөлісу: