21
Сенбі,
Наурыз

һижри

173 грант – Нұр-Мүбарак университетінің үлесінде

173 грант – Нұр-Мүбарак университетінің үлесінде

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Мүбарак университеті жаңа 2022-2023 оқу жылын жақсы жаңалықтармен бастады.

Биыл оқуға қабылданған студент, магистрант, докторанттар қатары – 668. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда ең үлкен көрсеткіш. Әрі биыл мемлекеттік 200 білім грантының 173-і – Нұр-Мүбарак университетінің үлесінде. Жалпы бакалавриат бөліміне – 630 студент (грант – 221, ақылы – 409), магистратураға – 32 (25 – г рант, 7 – а қылы), 6 докторант (6 грант) оқуға қабылданды.

Осы орайда жаңа оқу жылы алдында оқытушы-профессорлардың басын қосып, биылғы білім сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат оқытушыларға қашан да қолдау жасалатынын да атап өтті. Ол білімнің артықшылығын атай келе, бакалавриат бағдарламасын меңгеру болашақ маманның білімі мен білігінің негізі екенін жан-жақты жеткізді.

Ал проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев университет тарихымен қатар, оның ел дамуындағы маңызына тоқтала келе, сапалы білім алуға қатысты талаптарды таныстырып өтті. Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттар ағыны мен әлеуметтік желілердің ықпалында кетпеудің жолдарымен қатар, ислами білім алудың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталды.

Білім күніндегі маңызды басқосуды университеттің Академиялық мәселелер департаментінің директоры Мұратхан Махмет жалғастырды. Ол студенттерге оқу үдерісінің жай-жапсарымен қатар ішкі тәртіптің талаптарын да таныстырды.  

Бөлісу: