02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінде тәрбие сағаты өтті

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінде тәрбие сағаты өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер жаңа оқу жылын бастады. Осыған орай«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет өзі басшылық ететін оқу орнының шәкірттеріне тәрбие сағатын өткізді.

Медресе-колледж басшысы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сөз сөйлеп, Ислам дініндегі білім алудың маңызына тоқталды. Тәрбие сағатында білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс; белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру; өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау секілді тақырыптар қамтылды.

Сөз соңында медресе-колледжі директоры: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Алла араларыңдағы иман келтіргендер мен ғылымда тереңдегендердің дәрежесін көтереді», – делінген. Ислам шариғатында ер мен әйелге білім алу парыз деп көрсетілген. Сондықтан бүгінгі іздену, ілім алу жолына түскен күндерің құтты болсын! Алла шәкірттеріміздің зейінін ашып, мықты ғалым болуын нәсіп етсін!» – деді.

Бөлісу: