Наурызбай қажы Тағанұлы Байқоңыр жұртымен жүздесті (фото)

Наурызбай қажы Тағанұлы Байқоңыр жұртымен жүздесті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған жұмыс сапарында Байқоңыр қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысты.

«Сыр еліне келген сапарымда өздеріңізбен, яғни Байқоңыр жұртшылығымен жүздесуді ниет етіп едім. Аллаға шүкір, көптен бері көкейде жүрген ой-жоспарым орындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Байқоңыр қаласының рухани дамуына ерекше назар аударып келеді. Осы қаладан жомарт жандардың қолдауымен мешіт салу жоспарда бар. Алла қаласа, сол мешіттің ашылуында өздеріңізбен бірге болуды нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда Байқоңыр қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері Бас мүфтидің қадамын жақсылыққа балап, мешіт тұрғызу бастамасына айрықша алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

 

Бөлісу: