Бас мүфти 595-пәтердің кілтін табыстады (фото)

Бас мүфти 595-пәтердің кілтін табыстады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған сапарында 595-пәтердің кілтін табыстады.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген баспана жас имамға бұйырды.

Бас мүфти Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық «Әлмұхаммед» мешітінің имамы Жүсіп Ізбасарға пәтер кілтін табыстап, діни саладағы қызметіне береке тіледі. 

«Діни басқарма жас діни мамандарға қолдау көрсетіп келеді. «Жас келсе – іске» деген қанатты сөз бар. Міне, бүгінде жас имамдарымыз облыстық, республикалық деңгейдегі ізгі іс-шараларға ұйытқы болуда. Осындай белсенді имамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік мәселесін шешуге атсалысқан барша жомарт жандарға айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бөлісу: