Қайырымдылық қоры білімді жастарды қолдайды

Қайырымдылық қоры білімді жастарды қолдайды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» Қызылорда облысының Арал қаласындағы оқушылар үйіне «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» жобасы аясында компьютер сыйға тартты.

12 бағыт бойынша қызмет істейтін қайырымдылық қоры білім бағытында «Bilim land» компаниясымен бірлесіп, көпбалалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаж жандардың балаларының білімін шыңдау мақсатында арнайы мұғалім тағайындап, ағылшын тілін үйрететін қосымша курстар мен үйірмелер шығынын төлеуді қолға алып отыр.

Бұдан бөлек Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қазалы қаласының кітапханасына балаларға ағылшын тілін үйрететін кітаптар сыйлады.

Бөлісу: