17
Жұма,
Мамыр

һижри

Атырауда заманауи мал сою және сату кешені ашылды

Атырауда заманауи мал сою және сату кешені ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау қаласының Береке ауылында заманауи мал сою және сату кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

«Ішкен астың адал болуы маңызды. Осы ретте заманауи пунктке ҚМДБ халал стандарт сертификатын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мал союда шариғат талаптары сақталатынын білдіреді. Орталық мешітте қасапшыларға арналған арнайы семинарлардың да өткізіліп отыратынын еске салғым келеді» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Умаровтың айтуынша мал базары заманауилығымен ерекшеленеді.

Мал базары ет сойып қана қоймай, оны сатуға мүмкіндік береді. Аталған нысанның жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне 150 мал союға арналған кешенде 150 ұсақ малға, 150 ірі малға арналған қора салынған.

Орталықтың ішінде малды сатып қана қоймайды, оны жуып, тазалау қызметтері де қарастырылған. Қазіргі таңда аталған мал базарда 15 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта 35 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр. 

Бөлісу: