05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қонаев қаласында аймақтық ақсақалдар форумы өтті (фото)

Қонаев қаласында аймақтық ақсақалдар форумы өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына барған сапарында Қонаев қаласында «Жүрек жылуы» қайырымдылық іс-шарасына қатысып, көпбалалы, жалғызбасты Бибіназ Шамұратоваға пәтер кілтін табыстады.

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен, демеушілердің көмегімен алынған үйдің кілтін табыстау салтанатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында жеті бағытқа басымдық береді. Соның бірі – уақып және қайырымдылық бағыты. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Жаңа баспанаңыз құтты болсын. Іші жанға, сырты малға толып, берекелі үйлердің бірі болғай. Әмин!» деді.

Бөлісу: