Шымкент: Үздік ұстаздарға ұмраға жолдама берілді

Шымкент: Үздік ұстаздарға ұмраға жолдама берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Шымкент қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен  қаладағы Жастар ресурстық орталығында дін мен дәстүр  сабақтастығы һәм әйел ұстаздарға арналған рухани шара өтті.

Игі шараға  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізу үшін әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек арнайы қатысып, дәріс оқыды.

Рухани шараны Самат Анарбаев пен «Байғұт баба» мешітінің білікті ұстазы Гүлжан Нұрланқызы жүргізіп, уағыз-насихат сөзімен жалғасты. Рухани кеш барысында сахналық қойылымдар, діни ән-терме орындалып, бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласындағы барлық әйел ұстаздарға өкілдіктің алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ ең үздік үш ұстазға қасиетті Мекке-Мәдина шаһарына ұмра қажылығына жолдамасы табысталды.

Бөлісу: