20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі елшімен кездесті

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі елшімен кездесті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Жандос Айтбай Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.

Жандос Айтбай елшіге ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, өкілдіктің «Талаба» қауымдастығы аясында атқарып жатқан бірқатар жұмыстар жайлы баяндады.

Кездесу барысында Еркебұлан Сәпиев ҚМДБ өкілдігімен біріге қызмет етудің маңыздылығына тоқталып, әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Түркия елінде білім алып жатқан қазақ жастары арасында ауызбірлік пен татулықтың орнығуына үлкен үлес қосып жүрген «Талаба» қауымдастығының қызметіне ризашылығын білдірді.

Бөлісу: