Ақтөбе: Жалғызбасты анаға үй сыйлады

Ақтөбе: Жалғызбасты анаға үй сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, Мұғалжар ауданы Ембі қаласында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 621-үй берілді.

Қала тұрғыны, жалғызбасты анаға баспана кілтін Мұғалжар ауданының бас имамы Әсемхан Ерғазин мен Қандыағаш қаласы «Қадырәлі ата» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов табыстады. 2 баланың анасы Сәуле Мұхановаға 3 бөлмелі пәтердің бір бөлігін жеке кәсібіне арнап, нәпақасын табуға кірісіп те кетті. Осы орайда аудан имамдары «балық берме, қармақ бер» деген қағиданы ескеріп, жалғызбасты анаға қолдау білдіргенін айрықша атап өту керек.

Сәуле Парахатқызы сауапты іске атсалысқан дін қызметкерлеріне және үйдің қаражатына қолдау көрсеткен атымтай жомарт жандар мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

Бөлісу: