Астана имамдары футболдан жарыс өткізді

Астана имамдары футболдан жарыс өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері арасында футболдан «Салауатты діни маман» жарысы өтті.

«Ислам – ынтымақ пен бірлік жылы» аясында ұйымдастырылған доп додасына қаладағы мешіттер арасынан 6 команда жасақталып, өзара бақ сынасты. «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен футбол жарысының жүлдегерлері арнайы алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар берілді.

Дін қызметкерлері арасындағы бауырмалдықты арттырып, достықты күшейтуге бағытталған шараға елорда имамдары белсене қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Жарыс қорытындысы бойынша «Сәдуақас қажы Ғылмани» мен «Раиса ана» мешіттерінен құралған «Алаш» командасы І орынды еншіледі. Ал, «Әлжан ана», «Әл-Ғани», «Төлебай» мешіттерінің дін қызметкерлерінен құралған «Тұран» командасы ІІ орынды қанағат тұтты. «Ақмешіт» мешітінің «Тұлпар» командасына ІІІ орын бұйырды.

Бөлісу: