40 жыл имам болған дін ардагеріне көмек берілді

40 жыл имам болған дін ардагеріне көмек берілді

Жаңалықтар
Жарнама

«Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасы аясында дін қызметкеріне көмек көрсетілді.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Әбу Бәкір» мешітінің наиб имамы, қырық жылға жуық дін саласында қызмет етіп келе жатқан Үсен Қалданұлы бүгінде ауыр дертке шалдыққан болатын. «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Үсен имамның  отасы мен еміне 1 000 000 теңге қаржылай көмек берілді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы арнайы Үсен имамның шаңырағына барып, жары Айсара ханымға қаржылай 1 000 000 теңге табыстап, дертіне шипа тіледі.

Үсен имам мессенджер арқылы байланысқа шықты. Ардагер имамға қолдау білдіріп, барша атсалысқан жандарға алғыс білдіреміз дейді ұйымдастырушылар.

Бөлісу: