24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Атырау имамдары жылды қорытындылады

Атырау имамдары жылды қорытындылады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облыстық өкілдігіне қарасты қала және ауданның бас имамдары жылды қорытындылады.

Жиында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының есебін тыңдады.

«Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақ т,а ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, содан кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиында имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Облыс имамдарының есебін тыңдаған Алтынбек Ұтысханұлы мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы жұмыстарды пысықтады. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі  жеті жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы негізінде жылдың үздік имамы анықталды.

«Жан-жақты жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Атырау қаласындағы «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев «Үздік имам – 2022»номинациясына лайық деп танылды. Имамдар өзінің іс-әрекеті, бейнесімен қоғамға үлгі болуы керек» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Бөлісу: