29
Жұма,
Наурыз

һижри

Маңғыстау қажылары ауыл имамдарына қолдау көрсетті

Маңғыстау қажылары ауыл имамдарына қолдау көрсетті

Жаңалықтар
Жарнама

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжановтың төрағалығымен өңірге қарасты мешіттердің жылдық есебі тыңдалды.

Қорытынды жиналысқа Ақтау, Жаңөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы мешіттердің бас имамдары қатысса, дін қызметкерлері 2022 жылы атқарылған іс-шаралар есебі туралы баяндама жасап, ҚМДБ тарапынан бекітілген үлгіге сай презентациялар көрсетті.

Іс-шара шымылдығын қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін, қала және аудан имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырмаларға сәйкес, жұмыстың жеті бағыты – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр сабақтастығы, жат діни ағымдармен жұмыс, мешіт жанындағы еріктілер топтарының қызметі және өзге де бағыттар бойынша толық әрі нақты ақпарат берді. 

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігінің жыл бойы атқарылған жұмыстарына байланысты, ерекше белсенділік танытқан имамдар мен дін қызметкерлеріне облыс бас имамы атынан арнайы алғыс хат беріліп, марапатталды. Сондай-ақ алқалы жиын қорытындысында облыс бас имамы Маңғыстау қажылар қауымдастығының атынан Мұнайшы, Сайөтес және Сенек ауылдық мешіттерінің имамдарына 50 000 теңгеден бір реттік көмекті табыс етті.

Бөлісу: