17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алматы: Студенттердің оқу ақысы төленді

Алматы: Студенттердің оқу ақысы төленді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен "Нұр-Мүбарак" университетінде оқитын 8 студенттің оқу ақысы төленді.

Айта кетсек, "Нұр-Мүбарак" университетіне медресе-колледжден оқуға түскен бірқатар студенттердің оқу ақысына аудан мешіттері бірлесе қаржылай көмек көрсеткен болатын. Наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен бас имам Төлеби Дәділұлы университетке арнайы ат басын бұрып студеттермен кездесті. Діни білім алып Алла жолында ел игілігі үшін қызмет етуде шәкірттерге жігер беріп, тәжірибесімен бөлісті. ҚМДБ грантына қол жеткізген шәкірттер дін қызметкерлері мен жомарт жандарға ризашылығын айтып, алғыс білдірді. Жыл басынан бері "Нұр-Мүбарак" университетінде тәлім алып жүрген 23 студенттің оқу ақысын Алматы өкілдігі төлеп берді.

Бөлісу: