02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайлау Жұмағұлұлы Мусин Қарағанды қалалық «әл-Мәшани» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Төлеутай ата» мешітінің  бас имамы қызметін екі жыл атқарған Сайлау Жұмағұлұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді.

Сондай-ақ, әл-Мәшани мешітінде бұған дейін бас имам қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Жанболат Жұматұрұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.

Бөлісу: