21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти РАНТ мүшелеріне сертификат табыстады (фото)

Бас мүфти РАНТ мүшелеріне сертификат табыстады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен РАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар мәресіне жетті.

«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем сөздер арқылы насихат ет» дейді. Бүгінгі біздің қоғамға ең бірінші ауызбіршілік, ынтымақ маңызды. Тағы да сіздерді біздің ұстанымды насихаттап, сол бағытта бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын. Өйткені біздің басымызды біріктіретін ол – асыл дініміз, қарашаңырағымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» деді Бас мүфти.  

Айта кетейік, семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрілігі Дін істері комитетінің мамандары РАНТ мүшелеріне дәріс оқыды. Сондай-ақ қатысушыларға «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырылды. 

Бөлісу: