29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Ел үлесі – пәтерге»: ҚМДБ Төрағасы баспана кілтін табыстады (фото)

«Ел үлесі – пәтерге»: ҚМДБ Төрағасы баспана кілтін табыстады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қонаев қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыс етті.

Қайырымдылық акциясының 676-пәтер кілті Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының тұрғыны Гүлзира Алданқызына табысталды. 

Сонымен қатар көптеген қайырымдылық іске себепкер болып, мұқтаж жандардың баспаналы болуына мұрындық болып жүрген Алмабек Амантайұлына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ризашылығын білдіріп, ұмра қажылығының сертификатын тарту етті.

Бөлісу: