29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Алланың көркем есімдері» атты білім сайысы өтті

«Алланың көркем есімдері» атты білім сайысы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

2қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Алланың көркем есімдері» атты білім сайысы өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жыл бойы жалғасып келе жатқан діни сауат ашу курсында мешіт жамағаты тек Құран әліпбиін ғана емес, сонымен бірге асыл дініміздің,  жалпы діни танымның негіздерін де толықтай қамтиды.  

Мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы бүгін әйел жамағатының арасында «Алланың көркем есімдері» атты білім сайысын өткізді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді...», сондай-ақ Имам әл-Бұхари Алланың 99 есімін жаттаған адамның жәннаттық болары жөнінде айтылған хадисті келтіреді. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) тәлімін өнеге тұтқан шәкірттер бір кісідей сайысқа қатысты.

Жарысқа қатысушылар «Кім жылдам», «Сұрақ-жауап», «Суреттер сөйлейді» деген  үш айналым бойынша сыннан өтті.

Сайыстың мақсаты діни сауат ашу курсына тұрақты келіп жүрген шәкірттердің білімін бағалау және одан әрі ынталандыра түсу.

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: