16
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

Мешіт тынысы
Жарнама

23 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына орай Елорда мешіттері «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап отыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Кешеден бері көз аштырмастан үдей соққан ақтүтек боран талай жанды жолда қалдырып, қаһарлы қыстың қаталдығын көрсетіп бағуда. Көліктер қарға кептеліп, жаяу жүргіншілердің жағдайы ауырлаған осы бір шақтарды ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі жұрт болып жұмыла өткізуге шақырады.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап, барлық мешіт қызметкерлері қала тұрғындарын тегін тасымалдауға кірісті. Игі шараға Бас шаһардағы 12 мешіт қызметкерлері түгелдей атсалысуда.

Құрметті қала тұрғындары! «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челленджіне сіздерді де атсалысуға шақырамыз!

Бөлісу: