24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

"Нұр Астана" мешітінде қайырымдылық шарасы жалғасын табуда

"Нұр Астана" мешітінде қайырымдылық шарасы жалғасын табуда

Мешіт тынысы
Жарнама

28 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елорданың төрінде орналасқан "Нұр Астана" мешітінде "Біз біргеміз" акциясы аясында қайырымдылық шарасы жалғасын тапты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Хадис шәріпте "көршісі аш отырып, өзі тоқ болған адам бізден емес" делінеді. "Бір ағзаның мүшелері іспетті" бір-бірімен тығыз байланысты болған мұсылман қауымы қай кезеңде болмасын "бір жері ауырса, бүкіл дене сезетіндей" жанашырлығымен, қамқорлығымен ерекшеленген.

Күнімізде сындарлы кезеңді басынан өткізіп отырған халқымыз арасында мейірімі мен жанашырлығы үйлескен атымтай жомарттар баршылық. Сондай қолы ашық, жүрегі кең демеушілердің атсалысумен "Нұр Астана" мешітінің ұжымы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жағынан жәрдем көрсетті.

"Нұр Астана" мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. 

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

 

Бөлісу: