22
Жұма,
Қараша

һижри

«Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» байқауының жеңімпазы анықталды

«Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» байқауының жеңімпазы анықталды

Мешіт тынысы
Жарнама

20 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Райса ана» мешіті ұйымдастырған «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ақпанның 20-сы мен наурыздың 20-сы аралығында сайысқа 19 шығарма келіп түсті. Байқауға спорт саласының жаттықтырушысы, медициналық саланың студенті, дінтану саласының студенті, оқушылар және кітапханашы, жазушы-ғалым, мұғалім-ұстаздардың қатар қатысуы көңіл қуантарлық жайт.

Әділқазылар алқасының бірауыздан шешімімен «Абай ілімі жалпақ жұртты имандылыққа баулиды» мақаласының авторы, жазушы-ғалым Қобдабай Қабдыразақұлы шығармашылық сайыстың жеңімпазы атанды.

ІІ-орын Ләйлім Игілікқызы мен Марлен Ғилымханның еңбектеріне берілді, ал Дәурен Тілеуханұлы, Қарыпбаева Бағжан мен Манарбек Айдынғалиұлының шығармалары ІІІ-орынға ие болды. 

Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша 6641 дауыс жинаған  Абай Саранұлы   жеңімпаз атанып, 5657 дауыс жинаған Нұрболат Хадисұлы  ынталандыру сыйлығының иегері болды.

Бөлісу: