29
Жұма,
Наурыз

һижри

Онлайн Құран хатымға қатысуға шақырамыз

Мешіт тынысы
Жарнама

20 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешіті Рамазан айында онлайн Құран хатымға қатысуға шақырады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылда мұсылман қауымы Рамазан айын мешітте жамағатпен бірге тарауық намазын оқып қарсы алушы еді. Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үйде қарсы алуға мәжбүр. Десе де, әрбір істің бір түйіні мен бір шешімі бары белгілі. Үйде отырып та Рамазан айының сауабынан мол үлес алуға болады.

Қасиетті айда Құран Кәрімді хатым түсірудің сауабы ерекше, Алла Тағала Пайғамбарына (с.ғ.с.) былай деп үндейді: « (Ей, Мұхаммед!) Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге (пана) қорғаныш таппайсың».  («Кәһф» сүресі, 27-аят.)

Елімізде қалыптасқан қазіргі жағдайды ескере отырып, «Нұр Астана» мешіті өзінің Ummetkz инстаграм парақшасында онлайн Құран хатым сағатын ұйымдастыруды қолға алды.  Құран хатым Рамазан айының алғашқы күні басталып, ай бойы жалғасып отырады.

Күнде сағат 15:00-де тікелей эфирде «Нұр Астана» мешітінің ұстаздары 1 пара оқиды. Эфир бір тәулік бойы сақталады.

RamazanAfisha2

 

Бөлісу: