24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

«Иман» журналы және «Мұнара» газетіне жазылуға асығыңыз

«Иман» журналы және «Мұнара» газетіне жазылуға асығыңыз

Мешіт тынысы
Жарнама

24 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты рухани-танымдық басылымдар «Иман» журналы мен «Мұнара» газетіне жазылу науқаны басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жақсысы мен жаманы араласып, озығы мен тозығы қатар насихатталатын қоғамда рухани құндылықтарды бойға сіңіру оңай емес, ал оны сақтап қалу тіпті қиын. Ертеңін ойлаған ер жоғын түгендеп, барын сақтауға бекем болар, олай болса жоғымыз да, барымыз да діліміз бен дініміз. Ендеше осынау ұлттық құндылықтарымыз насихатталатын рухани-танымдық басылымдардан әдеп, көркем-мінез, салт-дәстүр, ұлы тұлғалар және мұсылманшылық жайлы көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттармен сусындай аласыз.

Басылымдарға еліміздегі барша мешіттер арқылы жазыла аласыздар. Ал «Нұр Астана» мешіті арқылы тіркелу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз: 8777 068 5643; 8701 5118168.

Сіздің рухани-танымдық басылымдарға жазылу үшін жұмсаған қаржыңыз қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды наисхаттауға көрсеткен қолдауыңыз, демеуіңіз. Олай болса, ізгі амалдан шет қалмаңыз, ағайын! 

Бөлісу: