29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық шара өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

12 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде Әбдірахпан (Әбдеш) қажы Іңкәрбекұлының рухына бағышталған қайырымдылық шара өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қайтқан кісінің артынан ізгі амал істеп, сауабын бағыштау артында қалған ұрпаққа сын. Аллаға шүкір, «өлілерді разы ету үшін» тірілерге қолғабысын тигізу керектігін түсінген азаматтар қатары көбейіп келеді.

Ас та төк дастархан жайып ысырап етпей, орнына әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың алғысын алуды ниет еткен азаматтар мен «Нұр Астана» мешітінің ұжымы бірлесіп қайырымдылық шара өткізді. Санитарлық талаптарға сай өткізілген шараға алдын-ала тіркелген 30 отбасы арнайы шақырылды.

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Берікбол Жанақ оларға ізгі амалдың мән-мағынасы мен сауаптылығын түсіндіріп өтті. Риза болған мешіт жамағаты өз кезегінде алғыстарын айтып, тарқасты.

Qaiyrymdylyq 1

 

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Бөлісу: