25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Мәуліт айындағы қайырымдылық

Мәуліт айындағы қайырымдылық

Мешіт тынысы
Жарнама

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде мәуліт айының басталу құрметіне орай қайырымдылық шара өтті, деп хабарлайды Ummet.kz тілшісі.

Игі істердің ұйытқысы, жомарт жандардың басын қосар мекені болған құлшылық үйінде бірнеше жылдан бері желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлі  «Қайырымды шаңырақ» және «Мейірімділік мекені» ізгі шаралары жалғасын тапты.

Бұл жолы демеушілердің көмегімен алдын-ала тіркелген көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай және азық-түлік қоржынымен көмек көрсетілді.

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов қамкөңіл жандарға қол ұшын созып, қуаныш сыйлауға атсалысқан демеушілерге мешіт әкімшілігі атынан алғысын білдірді.

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Бөлісу: