22
Жұма,
Қараша

һижри

Мәуліт құтты болсын!

Мәуліт құтты болсын!

Мешіт тынысы
Жарнама

28 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – һижри жыл санағы бойынша рабиғул әууәл айының 11-нен 12-не қараған түні соңғы нәби Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан, мәуліт күні.

Бұл григорян жыл санағы бойынша қазанның 28-нен 29-на қараған түнге яғни бүгінгі кешке дөп келіп тұр. Әлем бойынша мұсылман қауымы мәуліт мерекесін бір күн ғана атап өтпей, ай бойы тойлайды.

Қандай да болсын діни мереке мұсылман үшін ең бірінші Аллаға жақындай түсуге бір себеп, құлшылығын көбейтіп, иманын арттыруға түрткі.  Олай болса, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні де біздер үшін ең алдымен молынан зікір айтып, дұға етуге, басқа да нәпіл ғибадаттарымызды орындауға мүмкіндік.

Алланың сүйіктісі (Хабибуллаһ) атанған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәуліт кешінде және айында салауат оқу аса абзал іс боп саналады, сонымен бірге Құран оқып, нәпіл ғибадаттар орындау өте сауапты.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында сендерге өз араларыңнан хақ Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» («Тәубе» сүресі, 128-аят), деп көрсеткен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мәуліт кеші барша мұсылман қауымға құтты болсын, қол жайып сұраған дұға-тілектер қабыл болсын!

rabiulavval

 

Бөлісу: