19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Бірге «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат» жолдайық

Бірге «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат» жолдайық

Мешіт тынысы
Жарнама

29 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мәуліт айы құрметіне орай «Нұр Астана» мешіті «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат» атты жобаның басталғанын хабарлайды.

Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу әдемі үрдіске айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Нұр Астана» мешітіне қарасты «Ummet.kz» сайты «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат» атты тың жобаны өткен жылы іске қосқан еді.  Мінеки, осы жылы да мәуліт айының құрметіне жаңғыртып отырмыз.

Көп түкірсе көл болады демекші, ниетіміз - барша қазақ бірауыздан бір мезгілде оқыған салауаттары арқылы еліміз Алланың мейіріміне, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйіспеншілігіне бөленсе, әрбір атсалысқан кісі сауапты амалдан теңізден тамшыдайын үлес алса дегендік.  Жоба туралы толық ақпаратты осы жерден біле аласыз.

«Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат» оқу үшін өтіңіз: https://ummet.kz/salauat/

Бөлісу: