22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қадірлі Рамазан айында республика көлемінде қайырымдылық шаралары көптеп өткізілуде. Бұл алдымен ізгі айда сауапты істерге ұмтылушы мұсылман жұртшылығының атсалысуымен болып жатқан шара болса, ел мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы ораза қарсаңындағы үндеуінде барша қазақстандықтарды қайырымдылық істерін жиі өткізіп, мұқтаж жандарға қарайласуға шақырған еді.

Осы орайда ҚМДБ-ның Астанадағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Наиб имам Асхат Сәлімов қаладағы тұрмысы төмен әрі мүгедек жан асырап отырған отбасы мүшелеріне азық-түлік, киім-кешек таратты. Бұған қоса асыл дініміз жайлы кітаптар да сыйға тартылды.

Мешіт маңайлаған жанның рухани азығымен бірге мұң-мұқтажына да қарайласудан қалыс қалмайтын дін қызметкерлері ізгі істер қатары жыл бойы өткізілетінін, ал Рамазан айында жиірек жасауға күш салатындықтарын жеткізді.


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: