19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр-Астана» мешіті: 531 хатым Құраны оқылды (фото)

«Нұр-Астана» мешіті: 531 хатым Құраны оқылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. Бүгін «Нұр Астана» мешітінің қабырғасындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі, мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызының бастамасымен «Құран – Алланың нұры» игі шарасы өтті.

Сауабы мол ізгі шараға Елордамыздағы әйел ұстаздар, имамдар және Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысты.

Шараның мақсаты – мешіт жамағаты шәкірттерінің Алла разылығы үшін деп 365 күн бойы үздіксіз оқыған Құран хатымның дұғасын жасау. Мешіт шәкірттері, апаларымыз ақ дастархан жайып, келген қонақтардың батасын алды. Осы үздіксіз 365 күн бойы оқылған Құран хатымның дұғасының құрметіне ірі қара мал сойылып, күні кеше құрбандық шалынды. Сол құрбандық еті бүгін қаламыздағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылды.

 Бүгінгі өткен шараның мақсат, мүддесі түсінікті болу үшін бір жыл артқа шегініс жасайық. 2020 жылдың 18-наурызында «Нұр Астана» мешітінің шәкірттері еліміздегі індетке байланысты Құран оқу сабақтарын онлайн өтуге көшкен болатын. Мешіт ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы екі топтан құралған шәкірттерге 30-адамнан Құранды хатым етуді бастап кеткен еді. Күн сайын бір Құран хатым оқылатын онлайн сабақтар қазіргі уақытқа дейін жалғасып келді. Бір жыл ішінде яғни, 365 күн бойы Құран хатым етілді. Тек Астана қаласының шәкірттері ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен, тіпті Түркия, Франциядан да шәкірт апалар, арулар қатысып, Құран хатым оқылуына атсалысты. Бұл ізгі үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Бұл жерде 10 күнде оқылатын Құран хатым бар, 15 күнде оқылатын Құран хатым бар және бір айда және үш айда бір рет оқылатын Құран хатым бар. Дәл қазіргі уақытта 5 топ бойынша 150 шәкірт білім алып жатыр. Осы кезге дейін «Нұр Астана» мешітінің жамағат шәкірттері арасында 531 рет Құран хатым оқылған екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді», - дейді. Бүгінгі оқылған Құран хатымның дұғасын қасиетті Шағбанның, қасиетті жұманың құрметіне Алла тағала қабыл еткей! Алла тағала елімізді аман, жұртымызды тыныш етсін!

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

 

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

 

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

QuranAllanynNury 1

ummet.kz

Бөлісу: