29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы жалғасуда (фото)

«Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы жалғасуда (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):«Амалдардың ең жақсысы – аз болса да үздіксіз жасалғаны» деген.

«Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы жалғасуда. «Нұр Астана» мешіті жыл сайынғы үрдіс бойынша әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Елордамыздағы әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға ет таратты.
Ұлттық мейрам алдында әрбір мұқтаж отбасыға аз да болса қуаныш сыйлау, жақсылық жасау мақсатында ұйымдастырылған игі шараға келген отбасылар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Иә, адамды қуанту да — садақа. Алла Тағала Құранда: «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Сонда кім заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» («Зілзала» сүресі, 7-аят) - дейді.
Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымына Алла разы болсын!

Qaiyrymdylyq 2

Qaiyrymdylyq 3

Qaiyrymdylyq 4

Qaiyrymdylyq 5

Qaiyrymdylyq 6

ummet.kz

Бөлісу: