19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешіті: Ең қарт және ең жас шәкірттер марапатталды

«Нұр Астана» мешіті: Ең қарт және ең жас шәкірттер марапатталды

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» мешіті осыдан бір жыл уақыт бұрын еліміздегі індеттік жағдайдың орын алуына орай шәкірттерге онлайн Құран сабақтарын беруге көшкен болатын. Бір жыл бойы діни сауат ашқан шәкірттер арасында ең үлкен және ең кіші шәкірт бүгін мешіт тарапынан марапатталды.

Игі шараның мақсаты – қасиетті Рамазан айының алдында шәкірттерге алғыс айту. Ең үлкен әрі ең кіші шәкірттеріміз «Құранды белгілі бір адамдар ғана оқып, жаттауы керек, маған ондай болу қайдааа...» дейтін, «Араб әріптерін білмеймін ғой, оның үстіне тілім келмейді», «Құран үйреніп отыратын уақыт қайда? Жұмыстан қолым босамайды» дейтін адамдарға мотивация сыйлады. Шәкірттеріміз ең бастысы таза ниет пен ықылас керек екенін көрсетті. Құран оқитын мұсылманның ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң, оның тап-таза екенін көресің, егер де жүріс-тұрысына қарасаң, оның көркем мінез-құлықты, биязы екенін көресің.
Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Шәкірттеріміз бір жыл бойы онлайн форматта Инстаграм, Телеграм каналдары арқылы Құран үйреніп, Алланың кітабын танып, білуге ешнәрсе кедергі емес екенін дәлелдеген болатын.
Мешітіміздің ең үлкен шәкірттері – Сара Байнаурузова (1938жылғы 83жаста) мен Батес Алимоваға және жасы кіші бүлдіршін шәкіртіміз – Айлана Қалбагаеваға (6 жаста) мешіт ұжымы сый-сыяпат жасап, алғыс білдірді. Ең жас 6 жастағы шәкіртіміз Құранннан он шақты сүрені жаттап, ұстаздарын тәнті етті.
Шара соңында марапатталған шәкірттеріміз мешіт ұжымына, Бас имам Нұрлан Рамазанұлына үлкен алғыстарын білдірді. Құраннан әріп үйреткен «Нұр Астана» мешітінің аяулы ұстаздары – Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Әйкерім Қазбекқызына шексіз ризашылықтарын айтып, қуанышпен тарқасты. 
Иә, Құран оқудың сауабы ұшан-теңіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді», - дейді.
Ендеше, «Алланың сөзін оқып, көкейіме түйемін» деген ізгі ниетіңіз болса, қазірден бастап-ақ іске кірісудің сәті келіп тұрған сияқты. Себебі, Құран үйренуге кез келген жаста кіріссеңіз де кеш емес.

KuranHatymSyilyq 1

KuranHatymSyilyq 2

KuranHatymSyilyq 3

KuranHatymSyilyq 4

KuranHatymSyilyq 5

KuranHatymSyilyq 6

KuranHatymSyilyq 7

KuranHatymSyilyq 8

KuranHatymSyilyq 9

KuranHatymSyilyq KuranHatymSyilyq 10

ummet.kz

Бөлісу: