29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Хасекиге» қабылдау емтиханы басталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Астана медресесінде» Түркия республикасы Кайсери қаласындағы «Хасеки» институтына шәкірттер қабылдау емтиханы өтуде.

Еске сала кетсек, кеше «Хасеки» білім беру орталығының ұстазы Мехмет Косе мен Коня қаласындағы «Селчук» білім беру орталығының директор орынбасары Карабажак Дурмусали елордаға арнайы осы мақсатта келіп, ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болған еді. Түркиялық дін мамандары «Хасеки» институтына оқуға қабылдау емтиханын 22-23 шілде аралығында өткізіп отыр.

Аталмыш оқу ордасына өтініш білдірген «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медреседен 60 үміткердің алғашқы тобы «Астана медресесінде» білім сынағынан тапсырып бастады.

Осы сынақтан сүрінбей өткен 20 қазақстандық шәкіртке Түркияға жолдама беріледі.

Ал, осыған дейінгі емтихан нәтижесі бойынша 2013 жылы «Хасеки» оқу орнына 27 шәкірт, 2014 жылы 20 шәкірт оқуға түскен. Емтиханнан өткен шәкірттерді Түркия тарапы жол сапары, ас-суы мен жатын орын және ай-сайын шәкіртақымен қамтамасыз етеді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: