29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалыс

Мешіт тынысы
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрт бағыт «Мейірімділік мекені» жобасына сай «Нұр Астана» орталық мешітінің мұрындық болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да тамыз айында жалғасын таппақ.

Басты мақсат аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету жаңа оқу жылына дайындықтарын бір пысықтап беру.

Осыған орай, мешітімізде арнайы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына арналған садақа жәшіктері қойылды атсалысайық ағайын. Мешітіміз бен жомарт азаматтардың арқасында жүзеге асқалы отырған жақсылықтың жаршысы болуды жазсын

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекеттердің егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғанын естен шығармайық.

 

 

Бөлісу: