26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мешіт ұжымы сырқат балаларға сый-сияпат жасады (фото)

Мешіт ұжымы сырқат балаларға сый-сияпат жасады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы қаламыздағы №1 көпбейінді қалалық ауруханасының нейрология және педиатрия 3  бөлімшелерінде ем алып жатқан балаларға барып, сый-сияпат жасады.

Бұл ауруханада 1-5 жас аралығындағы, ми және жүйке жүйесінің патологиясы мен ауытқулары бар науқас бүлдіршіндер мен жұлын мен омыртқа бағанасының жарақатынан зардап шеккен, жартылай жетім балалар бар.

Жүрегінің қаттылығын айтқан бір адамға хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жетімнің басынан сипа, кедейлерді тойдыр!» дейді. Жетімнің басын сипау күмәнсіз оған деген сүйіспеншілік пен мейірімділікті көрсетумен қатар оған жалғыздығын ұмыттырып, өмірге деген құлшынысын арттырады.

Адам баласы ең үлкен бақыттың байлық, мансап және күш тәрізді өзгеретін және алдамшы нәрседе еместігін түсінгенде бір баланың көздеріндегі нұрдың бәрінен де қымбат екенін сезеді.

Міне, бүгін сырқатпен алысқан сәбилер мен мейірімге мұқтаж балақайларлың көздеріне нұр сыйлаған мешіт ұжымы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) аманат еткен сөздеріне амал жасады деп ойлаймыз.

Алла Елшісі (с.ғ.с) балаларды жамандықтан көздің қарашығындай қорғауды, оларға тек мейірімділік танытуымызды өсиет еткен болатын. Бұл сізге де, бізге де насихат.

Әлемде балалар жыламасын, барлық бүлдіршін бақытты болсын!

211121 Qaiyrymdylyq 1

211121 Qaiyrymdylyq 2

211121 Qaiyrymdylyq 3

211121 Qaiyrymdylyq 4

211121 Qaiyrymdylyq 5

211121 Qaiyrymdylyq 6

211121 Qaiyrymdylyq 7

211121 Qaiyrymdylyq 8

211121 Qaiyrymdylyq 9

211121 Qaiyrymdylyq 10

211121 Qaiyrymdylyq 11

211121 Qaiyrymdylyq 12

ummet.kz

Бөлісу: