19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мешіт ұжымы қала тазалықшыларына, отбасыларға азық-түлік үлестірді

Мешіт ұжымы қала тазалықшыларына, отбасыларға азық-түлік үлестірді

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы қала тазалықшыларына және қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қуаныш сыйлады.

Дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы аясында мешіт ұжымы барлығы 40 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.

Елорданың аязды, ызғарлы күндерінде қала тазалығына жауапты болып жүрген қызметкерлерге қолдау көрсету мақсатында мешіт ұжымы «Астана тазалық» жұмысшыларын да назардан тыс қалдырмады. Қала жолдарының тазалығы үшін, қала жайлылығы үшін қыстың аязды күндерінде суыққа қарамастан таңның атысынан кеш батқанға дейін еңбек етіп жүрген жандарға қандай қолдау көрсетсе де артықтық етпейді. Мешіт әкімшілігі жұмысшыларға атқарып жүрген қиын да күрделі жұмыстары үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасыларына амандық-саулық тіледі.

Одан бөлек әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға ай сайын көмек қолын созып келе жатқан мешіт ұжымы тағы бірнеше отбасыға ізгі амал арқылы жылулық сыйлады. Иә, қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы еліміз алға қадам басады. Бүгінгі қайырымды істің қайырын көрген жандар мешіт әкімшілігі мен қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ алғыстарын арнады.

220122 Qaiyrymdylyq 2

220122 Qaiyrymdylyq 3

220122 Qaiyrymdylyq 4

220122 Qaiyrymdylyq 5

220122 Qaiyrymdylyq 6

220122 Qaiyrymdylyq 7

220122 Qaiyrymdylyq 8

220122 Qaiyrymdylyq 9

220122 Qaiyrymdylyq 10

220122 Qaiyrymdylyq 11

ummet.kz

Бөлісу: