02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти мешіт жамағатымен жүздесті (Видео)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен жүздесті.

Жұма намазының алдында бас мүфти жамағатқа қасиетті Ережеп айының қадір-қасиетін айтып, Рамазан айына дайындықты қазірден бастау керектігін атап өтті. Бас мүфти өз сөзінде:

Ережеп айы Құран Кәрімде баяндалғандай Алланың қасында ерекше құрметке ие болған қасиетті төрт айдың бірі. Бұл жөнінде Жаратқан Хақ Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында:
«Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар» (олар: зүлқағъда, зүлхиджә, мұхаррам және ражәб).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Жыл он екі айдан тұрады. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Оның үшеуі бірінен кейін бірі келеді. Бұл айлар зүлқағъда, зүлхиджа, мухаррам. Төртіншісі болса, ражәб». Әрбір мұсылман пендеге бұл айларды қадірлей білуі міндет болып табылады, - дей келе Ережеп айында құлшылығымызды қуаттап, иманымызды арттыру керек екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы ел бірлігі, ауызбіршілік, бейбіт күннің маңызы жайында жамағатқа насихат айтты. Бас мүфти жамағатпен бірге еліміздің ынтымақ, бірлігі үшін, ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Juma Uagyzy 3

ummet.kz

Бөлісу: