05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Мешіт тынысы
Жарнама

Елордамыздың сәнін келтіріп тұрған ең алғашқы мешіттердің бірі – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Жөндеу жұмыстары демеушілер мен жанашыр азаматтардың қолдауымен жүзеге асуда.

Атап айтқанда:

1. Құлшылық үйінің сырты мен ауласы және шатырын қалың қардан тазартуға мешіт жамағаты мен мешіт қызметкерлері атсалысуда. Және мешіт шатырының қалың қарын ерітіп, суағарлар арқылы ағызатын арнайы жылытқыш кабельдер (кабельный обогрев кровли) орналып жатыр. Сондай-ақ, қасиетті мекеннің сынған, ескі заттары жаңаға алмастырылып, бірінші, екінші қабатына әрлеу, әктеу жұмыстары жүргізілуде.

2. Мешіттегі жаңа дыбыс күшейткіш құралдары, колонка, микшерлі пульт секілді құрылғылар жаңартылып жатыр.

3. Одан бөлек мешіттің және мешіт жанындағы ғимараттардың төбесіндегі қар жамағаттың атсалысуымен күнделікті тазаланып, мешіт қасындағы қасапхана ғимаратының шатыры толық ауыстырылуда.

Құранда Алла Тағала: «Расында, Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады. Міне, олар шын мәнінде тура жол тапқандар» деп, құлшылық үйін салдырушылар мен құрылысына демеу көрсетушілерді сүйіншілейді.

QurylysJumystary 2

QurylysJumystary 3

QurylysJumystary 4

QurylysJumystary 5

QurylysJumystary 6

QurylysJumystary 7

QurylysJumystary 8

QurylysJumystary 9

QurylysJumystary 10

QurylysJumystary 11

QurylysJumystary 12

QurylysJumystary 13

QurylysJumystary 14

QurylysJumystary 15

QurylysJumystary 16

QurylysJumystary 17

QurylysJumystary 18.1

QurylysJumystary 18

QurylysJumystary 19

QurylysJumystary 20

QurylysJumystary 21

QurylysJumystary 22

QurylysJumystary 22

ummet.kz

Бөлісу: