23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Құраным – мәңгі қорғаным» рухани Құран кеші өтті (фото)

«Құраным – мәңгі қорғаным» рухани Құран кеші өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – мәңгі қорғаным» атты мерекелік, рухани Құран кеші өтті.

Шараның мақсаты – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерге қолдау көрсету болатын. Шара барысында мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызының атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен шәкірттерге лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастархан жайып игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата беріп мешіт тарапынан дайындаған сый-сияпат тарту етілді.

Мешіттің наиб имамы Мамлюк Мусаев ізгі шараны ашып беріп, Құран оқудың дініміздегі мағызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты.

Құран кешінде  ҚМДБ Әйел-қыздар секторының төрайымы Динара Құтқожақызы Құранға түскен «Фирдаус» оқу тобының шәкірттеріне арнайы әзірленген тәжді кигізіліп, Құранға түскендегіні растайтын сертификат табысталды. Кеш барысында әсем ән де айтылды, мағыналы уағыз да айтылды, ой саларлық көріністер де қойылды.

Кеш соңында шәкірттер мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызына алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын жасады.

270522 Quranym 1

270522 Quranym 2

270522 Quranym 3

270522 Quranym 4

270522 Quranym 5

270522 Quranym 6

270522 Quranym 7

270522 Quranym 8

270522 Quranym 9

270522 Quranym 10

270522 Quranym 11

270522 Quranym 12

270522 Quranym 13

270522 Quranym 14

270522 Quranym 15

270522 Quranym 16

270522 Quranym 17

270522 Quranym 18

270522 Quranym 19

270522 Quranym 20

270522 Quranym 22

270522 Quranym 23

270522 Quranym 24

270522 Quranym 25

270522 Quranym 26

270522 Quranym 27

270522 Quranym 28

270522 Quranym 29

270522 Quranym 30

ummet.kz

 

Бөлісу: