20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде «Имани жаз 2022» курсы басталды (фото)

«Әл-Фараби» мешітінде «Имани жаз 2022» курсы басталды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Оқушылардың жағы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылып келеді.

Жылдағы үрдіс бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу  курсы өз жұмысын бастады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ашылған жазғы курстың алғашқы күні мешіттің наиб имамы Мамлюк Асханұлы ата-аналар мен оқушыларға жазғы 1 демалысты пайдалы өткізулерін тілеп, сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып өтті.

1 маусым мен 20 маусым аралығын қамтитын жазғы сауат ашу курсына 8-15 жастағы 170 оқушы қабылданды. Балалар ер балалар және қыз балалар  болып жас ерекешеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді. Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге сабақ беруге «Астана» медресесінен және Алматы облысы «Ұшқоңыр» медресесінен арнайы шәкірттер шақырылды. Сауат ашу курсы таңғы сағат 09:00-12:00 және түскі сағат 14:00-17:00 аралығында екі ауысым негізінде жүргізілуде.

Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, осы сабақтар негізінде білім алып үстінде. Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізіп келеді.

Балалардың имани сабақтарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әр бүлдіршінге күнделікті тәттілер мен сусындар үлестіріледі.

010622 ImaniJaz 1

010622 ImaniJaz 3

010622 ImaniJaz 4

010622 ImaniJaz 5

010622 ImaniJaz 6

010622 ImaniJaz 7

010622 ImaniJaz 8

010622 ImaniJaz 9

010622 ImaniJaz 10

010622 ImaniJaz 11

010622 ImaniJaz 12

010622 ImaniJaz 13

010622 ImaniJaz 14

010622 ImaniJaz 15

010622 ImaniJaz 16

010622 ImaniJaz 17

010622 ImaniJaz 18

010622 ImaniJaz 19

010622 ImaniJaz 20

010622 ImaniJaz 21

010622 ImaniJaz 22

010622 ImaniJaz 23

ummet.kz

Бөлісу: