26
Жұма,
Сәуір

һижри

«»Әл-Фараби» мешіті: «Имани жаз 2022» шәкірттеріне мерекелік жиын ұйымдастырды (фото)

«»Әл-Фараби» мешіті: «Имани жаз 2022» шәкірттеріне мерекелік жиын ұйымдастырды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Имани жаз 2022» сауат ашу курсының басталғаны туралы өткен жаңалықтарда айтқан болатынбыз. Сауат ашу курсының білім алушы шәкірттеріне арнап мешіт ұжымы мерекелік жиын ұйымдастырды.

Білімнің қайнар көзі – Алланың үйі, мешіт болып табылады. Жәннаттың бір ауласындай болған мешітте білім алу – Алла тарапынан берілген ең үлкен сый. Жиынның басы Алланың Кәләмі – Құранмен, шәкірттердің Пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен салауаты болсын) салауат айтуымен басталды.

Алланың кәләмін үйреніп, имандылықпен сусындап, тәрбиені бойларына дарытып жүрген өнерлі қыздардың дайындаған мағыналы көріністерін  ұсынды. Қыздардың шапшаңдығы мен білімін тексеру мақсатында сұрақ-жауап айдарында топтық ойындар ойнатылып, бар білімдерін ортаға салды. Одан әрі шәкірт бүлдіршіндер Алла Елшісінің (с.ғ.с) хадистерін, Алла Тағаланың 99 есімін жатқа айтумен сынға түсті.

«Имани жаз 2022» сауат ашу курсы барысында бүлдіршін шәкірттер Аллаға деген махаббатты, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген құрметті, Ислам мен  ұлттық құндылықтардың адам өміріндегі маңызымен жақынырақ танысып келеді. Мерекелік жиын соңында елуден аса барлық бүлдіршін шәкірттерге арнайы әзірленген сыйлықтар табыс етілді.

150622 ImaniJazQyzdar 1

150622 ImaniJazQyzdar 2

150622 ImaniJazQyzdar 3

150622 ImaniJazQyzdar 4

150622 ImaniJazQyzdar 5

150622 ImaniJazQyzdar 6

150622 ImaniJazQyzdar 7

150622 ImaniJazQyzdar 8

150622 ImaniJazQyzdar 9

150622 ImaniJazQyzdar 10

150622 ImaniJazQyzdar 11

150622 ImaniJazQyzdar 12

150622 ImaniJazQyzdar 13

150622 ImaniJazQyzdar 14

150622 ImaniJazQyzdar 15

150622 ImaniJazQyzdar 16

150622 ImaniJazQyzdar 17

150622 ImaniJazQyzdar 18

150622 ImaniJazQyzdar 19

150622 ImaniJazQyzdar 20

150622 ImaniJazQyzdar 21

150622 ImaniJazQyzdar 22

 ummet.kz

Бөлісу: