29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби» мешіті: Жамағат айт намазын оқыды (фото)

«Әл-Фараби» мешіті: Жамағат айт намазын оқыды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Таңғы сағат 7:00-де Астанадағы барлық мешітте айт намазы оқылды.

Мұқым мұсылман жұртының ұлық мейрамы — Құрбан айттың алғашқы күні оқылатын айт намазына асыққан жамағат «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне де жиналды.

Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған астаналықтар сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, қуанышты көңіл-күймен жүрді. Мерекелік мінәжат үшін келген мұсылмандарды ҚМДБ Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет құттықтап, әр отбасына амандық-саулық, береке-бірлік тілеген игі лебізін жеткізді.

Құрбан айт намазына жиылған қауымға мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімнен аяттар оқылғаннан кейін мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов көпшіліктің алдына шығып барша мұсылман асыға күткен ұлық мейрам Құрбан айт мейрамымен мұсылман қауымын құттықтап, құрбан айт мейрамы туралы уағыз-насихат айтты.

090722 AitNamazy 1

090722 AitNamazy 2

090722 AitNamazy 3

090722 AitNamazy 4

090722 AitNamazy 5

090722 AitNamazy 6

090722 AitNamazy 7

090722 AitNamazy 8

090722 AitNamazy 9

090722 AitNamazy 10

090722 AitNamazy 11

090722 AitNamazy 12

ummet.kz

Бөлісу: