20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Мектепке жол»: «Әл-Фараби» мешіті 200 оқушыны қуантты (фото, видео)

«Мектепке жол»: «Әл-Фараби» мешіті 200 оқушыны қуантты (фото, видео)

Мешіт тынысы
Жарнама

Халқымыз «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дейді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да осы – балалардың жүрегіне қуаныш  ұялату.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мектепке жол - 2022» қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 200 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкелері таратылды. Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазановтың бастамасымен болған қайырымдылық шарасы дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. 

Әрдайым мешіт атынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларға мұрындық болып жүретін «Сауап» белсенділер тобы да бұл жолы игі шараға атсалысты.

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекет егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалған игі істердің бірі.

Жаңа оқу жылына дайындық уақытында қаламыздағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсеткені үшін, елордалық балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлағаны үшін келген ата-аналар мешіт ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

290822 Mektepke jol 1

290822 Mektepke jol 2

290822 Mektepke jol 3

290822 Mektepke jol 4

290822 Mektepke jol 5

290822 Mektepke jol 6

ummet.kz

Бөлісу: