26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби» мешіті білікті мамандармен толықты (фото)

«Әл-Фараби» мешіті білікті мамандармен толықты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы білімді, білікті маман, ұстаздармен толықты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа тағайындауларды мешіт жамағатына «Әбу Насыр әл-Фараби»  мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов жақыннан таныстырды.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы қызметіне тәжірибелі ұстаз Оразов Әділхан Әліханұлы тағайындалды.

Оразов Әділхан Әліханұлы – 1993 жылы 5 желтоқсанда Түркістан облысы. Мақтарал ауданы. Алғабас ауылында дүниеге келген.

Білім жолын 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Нұр Мүбарак Египет Ислам университетінің исламтанушы мамандығы бойынша жалғастырып, 2015-2020 жылдары Мысыр Араб Республикасы, Әл-Азһар университеті Шариғат факультетінің Исламтанушы мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2020-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы, Астана медресе колледжінің ұстазы болып бастаған. Үйленген, 3 баланың әкесі.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы қызметіне Рысбаев Мұрат Дайрабайұлы тағайындалды.  

Рысбаев Мұрат Дайрабайұлы  – 1985 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 12 жасында Құранды толық жаттап бітірген. Қазақ, орыс, араб және түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. 1998 жылы Түркия мемлекеті Стамбул қаласындағы Фатих Султан қарилар медресесін тәмамдаған. 2004-2008 жылдары Алматы қаласы, «Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық» университетін қаржы және несие мамандығы бойынша оқып, аяқтаған. 2012-2013 жылдары Малайзияда қаржы саласында CFA курсын тәмәмдаған. 2010-2019 жылдары  қаржы саласында қызмет жасаған. 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.

ummet.kz

Бөлісу: