21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Астана» медресесінде қабылдау емтиханы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі медреселерде жаңа оқу жылына қабылдау емтихандары басталды.

Кеше "Астана" медресесінде қабылдау емтиханы өтіп, онда 64 үміткер сынақ тапсырды. ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаевтың төрағалығымен өткен қабылдау комиссиясында «Астана» медресесі директоры Қалижан Заңқоев, директор орынбасары Марат Бектазинов, медресе ұстаздары Жаңабай Қожин, Руслан Өскембаев және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан болды.  

Комиссия мүшелерінің шешімінен Құран ережесі, Ислам тарихы, ҚР Заңдары, Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан тапсырған талапкерлердің 24-і «өте жақсы», 23-і «жақсы», 4-і «қанағаттанарлық» деп бағаланып, 52 шәкірт оқуға түсіп, 12 талапкер сынақтан сүрінді.

Түскен талапкерлердің 37-сі қазақ тобына, 15-сі орыс тобына қабылданды. Бұлардың арасында ШҚО – 6, ОҚО – 10, Астана қаласы – 5, СҚО – 5, Қарағанды облысы, - 3, Ақмола облысы – 2, Талдықорған өңірі – 1, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, БҚО -3 бала «Астана» медресесінде білім алатын болады.

Айта кетейік, ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі бекіткен кестеге сәйкес, қабылдау емтихандары республика бойынша 17-28 тамыз аралығында жүргізіледі. 


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: