22
Жұма,
Қараша

һижри

«Kazakh House» қымызы тегін таратылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқы болуымен елордалық жамағатқа қымыз таратылды.

«Нұр-Жамал» атауымен 2007 жылдан бастап қымыз өндіруші мекеме Ақмола облысына қарасты Максимовка ауылында арнайы жылқы фермасын ашып, бие сауып, ұлттық сусын саудасын іске қосқан. 2014 жылы «Kazakh House» брендіне ие болған өндірушілер елорда халқына таза өнім ұсынуды мақсат тұтады. Адал істі кәсіп қылған азаматтар бүгін «Нұр Астана» мешітінде қасиетті жұма намазына жиылған жұртшылыққа 120 литр қымыз ұсынды.

Айта кетейік, «Kazakh House» қымыз өнімдері Астанада «Керуен», «Азия Парк», «Алма» және «Анвар» сауда желілерінде сатылады.


ummet.kz-ақпарат 

 
Бөлісу: